ӘЗІРБАЙЖАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 27 шілде 2026
  • 21

ӘЗІРБАЙЖАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне арнайы жұмыс сапарымен келген Әзірбайжан Республикасының ғалымдары Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұраларымен және заманауи сәулет нысандарымен танысты.

WhatsApp Image 2026-07-27 at 11.04.31 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-27 at 11.04.30 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-27 at 11.04.32.jpeg

Танымдық экскурсия барысында қонақтар алдымен «Анаға тағзым» орталығының қызметімен танысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жобалар туралы мәлімет алды. Ары қарай «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында болып, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған мүмкіндіктерін көрді. Бұдан кейін ғалымдар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, Сыр өңірінің бай тарихы мен мәдени мұрасын бейнелейтін құнды жәдігерлерді тамашалады. Шетелдік ғалымдар өңірдің өткені, тарихи тұлғалары және мәдени құндылықтары жөнінде кеңінен ақпарат алды.

WhatsApp Image 2026-07-27 at 11.04.31.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-27 at 11.04.30 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-27 at 11.04.30 (2).jpeg

Сапардың маңызды бөлігінің бірі – Қорқыт ата мемориалдық тарихи кешені. Делегация түркі дүниесінің ұлы ойшылы Қорқыт ата рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Қонақтар мемориалдың тарихи-рухани маңызына ерекше тоқталып, түркі халықтарына ортақ мәдени мұраның құндылығын жоғары бағалады.
Танымдық сапар Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы ғылыми-мәдени байланысты нығайтуға, сондай-ақ Сыр өңірінің тарихи, рухани және мәдени құндылықтарын шетелдік ғалымдарға кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.



Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации