УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ҚОЙ ҚҰЙРЫҚ МАЙЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ КРЕМГЕ ПАТЕНТ АЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 шілде 2026
  • 47

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ҚОЙ ҚҰЙРЫҚ МАЙЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ КРЕМГЕ ПАТЕНТ АЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Т.Д. Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығының ғалымдары жаңа ғылыми жетістікке қол жеткізді. Зерттеушілер әзірлеген «Қой құйрық майы негізіндегі ылғалдандырғыш крем» Қазақстан Республикасының пайдалы модельге арналған №12476 патентіне ие болды.
Жаңа өнім дәстүрлі табиғи шикізат пен заманауи химия-косметологиялық технологияларды ұштастыру нәтижесінде әзірленген. Ғалымдар қой құйрық майының табиғи ылғалдандырғыш және күтім жасау қасиеттерін ғылыми тұрғыда зерттеп, оны тері күтіміне арналған экологиялық таза әрі қауіпсіз косметикалық өнімге айналдырды.

WhatsApp Image 2026-07-30 at 09.12.49.jpeg
Өнертабыс авторлары – Гүлжан Балықбаева, Райхан Жандавлетова, Гульмира Абызбекова, Шолпан Еспенбетова, Аружан Талғатқызы, Анипа Тапалова және Карима Арынова.
Бұл патент – университет ғалымдарының қолданбалы ғылымды дамытудағы және ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізудегі кезекті жетістігі. Әріптестерімізді құттықтаймыз!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации