ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 тамыз 2026
  • 38

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 22 шілдедегі №564 бұйрығына сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «8D086 – Су ресурстары және суды пайдалану» даярлау бағыты («8D08675 – Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» білім беру бағдарламасы) бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңес құрылды. Кеңес 2029 жылғы 21 шілдеге дейін жұмыс істейді.
Комитет шешімін іске асыру мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №470-а бұйрығымен диссертациялық кеңестің құрамы бекітілді.
Жаңа диссертациялық кеңестің құрылуы – университеттің ғылыми әлеуеті мен ғылыми кадрлар даярлау жүйесінің қарқынды дамуының айқын көрсеткіші. Бұл қадам су ресурстарын тиімді басқару, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау бағыттарындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға, жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін қолдауға және өңірдің ғылыми-инновациялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

WhatsApp Image 2026-08-03 at 12.42.35.jpeg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации