ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН «LIAONING HONGDA KAZAKHSTAN» ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 тамыз 2026
  • 57

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН «LIAONING HONGDA KAZAKHSTAN» ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов «Liaoning HongDa Kazakhstan» компаниясының Қазақстандағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Айтқұловпен және Қазақстандағы басқарма төрағасының орынбасары, Қызылорда облысындағы жобалар бойынша басқарушы Чэнь Ян Чунмен (Chen Yan Chun) кездесті.
Кездесу барысында тараптар еңбек нарығына сұранысқа ие мамандар даярлау, студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру және болашақта бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Компания өкілдерінің айтуынша, HongDa Kazakhstan 2024 жылдан бері Жетісу, Абай, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында кен өндіру және геологиялық барлау жобаларын жүзеге асырып келеді. 

WhatsApp Image 2026-08-04 at 17.31.43.jpeg

WhatsApp Image 2026-08-04 at 17.33.22.jpeg

WhatsApp Image 2026-08-04 at 17.31.43 (1).jpeg

Жиын барысында Қызылорда облысындағы Бурабай–Жалғызағаш және Талап кен орындарында кен байыту фабрикаларын салу жоспарланып отырғаны айтылды. Сондай-ақ, алдағы үш жыл ішінде Қазақстан бойынша 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отырғаны жеткізілді.
Тараптар кадр даярлау ісінде өзара ынтымақтастықты дамытуға, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне қолдау көрсетуге және тәжірибеге бағытталған білім беру жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысында ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол қойылды.

WhatsApp Image 2026-08-04 at 17.31.44 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-08-04 at 17.31.441.jpeg

Айта кетейік, HongDa Kazakhstan – Қытай Халық Республикасының Хулудао қаласында орналасқан Liaoning Hongda Enterprise Group халықаралық корпорациясының құрылымдық бөлімшесі. Корпорация тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, қаржы және ауыл шаруашылығы салаларында қызмет етеді. Оның құрамына әлемнің бірнеше елінде жұмыс істейтін 27 еншілес кәсіпорын кіреді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации