ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ «АКАДЕМИК ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ ІЗІМЕН» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 тамыз 2026
  • 55

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ «АКАДЕМИК ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ ІЗІМЕН» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жосалы мен Қарсақбай арасындағы тарихи жолдың ашылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Академик Қаныш Сәтбаевтың ізімен» тарихи-танымдық экспедициясы аясында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында мазмұнды кездесу өтті.

WhatsApp Image 2026-08-06 at 16.17.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-08-06 at 16.17.35.jpeg

Басқосуда қазақ ғылымының негізін қалаушылардың бірі, академик Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы мен ел ғылымының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен сөз болды.  Университет ғалымдары Нұрлыбек Мыңжас, Қали Омаров және Оразхан Айдаров Қаныш Сәтбаевтың геология ғылымын дамытудағы еңбегі, табиғи ресурстарды зерттеудегі жаңашыл көзқарасы және ұлттық ғылым мектебін қалыптастырудағы тарихи рөліне тоқталды. Сонымен қатар, ғалымның өмір жолы мен ғылыми қызметі бүгінгі жас зерттеушілер үшін тағылымы мол үлгі екені айтылды.

WhatsApp Image 2026-08-06 at 16.17.34.jpeg

Экспедиция мүшелері тарихи бағыттың маңыздылығына тоқталып, Жосалы мен Қарсақбай арасындағы жолдың ел тарихындағы орны туралы баяндады. Олар мұндай танымдық жобалар ұлт тарихын дәріптеп, ғылым мен өлкетануға қызығушылықты арттыруға ықпал ететінін атап өтті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации