- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Ақымет – ұлт ұстазы
Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы Ақымет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ақымет – ұлт ұстазы» атты әдеби танымдық кеш өткізілді.
Шараны «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Күлдірсін Сарышова мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау мамандығының 3-курс студенттері ұйымдастырды.
Ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған әдеби-танымдық кештің шымылдығы Ақымет Байтұрсынұлының өмірінен алынған қойылыммен ашылды.
Жиында сырлы әуен, әуезді күй орындалды. Шералы Ғазиз домбыраның қоңыр үнімен күй шертіп, топтың ақын қызы Зейнеп Амангелді арнау өлең оқыды.
Ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлы өз өмірін тек тіл біліміне ғана емес, халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын демократиялық ойларға бағыттаған көркем шығармалар жазуға арнаған. Оның сан қилы қырынан көрсету мақсатында топ студенттері “Ақымет – қазақтың ақыны”, “Ақымет – әдебиет зерттеуші ғалым”, “ Ақымет – түркітанушы”, “Ақымет – педагог”, “Ақымет –аудармашы”, “Ақымет – терминолог” атты тақырыптарда әзірлемелер оқыды.
А.Байтұрсынұлының “Анаға хат” өлеңі көрініс ретінде көрсетілсе, “Оқуға шақыру”, “Н.Қ ханымға” өлеңдері Оңталап Мақсат пен Ерсін Емішов орындауында көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Кеш соңында топ студенттері филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры Абасилов Аман Маделханұлының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Айдана Махамбетқызының жолдаған челленджін қабылдап, оны Ж-20-1, Кял-22-1 оқу топтарына жолдады.
Айта кету керек, шараға Гуманитарлық-педагогикалық институт директоры Сағат Тайман, ф.ғ.д. профессор Жеңіс Сәдуақасұлы, ф. ғ. к. Профессор Ғабит Әнешұлы, ф.ғ.к Болат Боранбай, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттері Диана Нұрхан мен Эльвира Ахатаева, жетекшісі М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Меңдібаева, Қызылорда облыстық өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Эльзира Сағитжанқызы қатысты.
Білім қайраткері Ақымет Байтұрсынұлы ұлықтаған ұлы тілді құрметтеу және ғұлама ғалымның халқына берген асыл қазынасын сақтай білу – басты парызымыз.
«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...