ҚЫТАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 тамыз 2026
  • 16

ҚЫТАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 шілде – 5 тамыз аралығында «Дамушы елдердің өңдеу өнеркәсібін цифрлық трансформациялау және жаңғырту» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Бағдарламаға 17 елден 93 маман қатысып, цифрлық экономика, жасанды интеллект, робототехника, автоматтандыру және жаңа энергетика бағыттарындағы озық тәжірибелермен танысты.

WhatsApp Image 2026-08-19 at 15.55.01 (1).jpeg
Семинарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары қатысты. Атап айтсақ, «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының жетекшісі, PhD доктор Нұрбек Қоңырбаев, «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD доктор Айжан Темірбек және «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD доктор Перизат Бұланбаева.
Қатысушылар Қытайдың жоғары технологиялық кәсіпорындары мен инновациялық орталықтарына барып, цифрлық технологиялардың өндірісте қолданылуымен танысты. Sanhua Group, CFMOTO, WENSLI және CHITIC Digital Intelligence Industrial Park нысандарындағы өндірістік автоматтандыру, цифрлық басқару және заманауи технологиялар тәжірибесі көрсетілді.

WhatsApp Image 2026-08-19 at 15.55.01 (3).jpeg
«Қытай тәжірибесі цифрлық технологиялардың өндірістің барлық кезеңімен өзара байланыста қолданылатынын көрсетті. Бұл университет үшін де маңызды. Біз технологияны пайдаланатын ғана емес, оны нақты міндеттерге бейімдей алатын мамандар даярлауға басымдық беруіміз қажет», – деді Нұрбек Қоңырбаев.
Бағдарламада сутегі энергетикасы, дрондар және төмен биіктіктегі экономика бағыттары да қамтылды. Бұл тәжірибе университет ғалымдары үшін жасанды интеллект, компьютерлік көру, экологиялық мониторинг және су ресурстарын қашықтан бақылау бойынша жаңа зерттеу бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді.
Сапар барысында Zhejiang Polytechnic University of Mechanical and Electrical Engineering (ZUME) өкілдерімен кездесу өтіп, академиялық ұтқырлық, профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамасы және бірлескен ғылыми жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Халықаралық семинар нәтижесінде Қорқыт ата университетінің ғалымдары цифрлық трансформация мен жасанды интеллект саласындағы халықаралық тәжірибесін толықтырып, жаңа ғылыми және академиялық байланыстар орнатты.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации