ЖАНКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 тамыз 2026
  • 53

ЖАНКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жанкент археологиялық экспедициясының 20 жылдығына орай тарихи жәдігерлер көрмесі мен «Аптаған ыстық күн астында Жанкентте өткен 20 жыл» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде Жанкент қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған құмыра фрагменттері, тышқан қақпаны, түрлі керамикалық бұйымдар, ошақ алды тұғыры, керамикалық дастархан, саптыаяқтар, шырағдан, қақпақтар коллекциясы, қыш құмыра, шыны моншақтар мен каури бақалшақтары сынды бірқатар құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

745.JPG.jpeg

Сонымен қатар, фотокөрмеде Жанкент қалашығында археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген жылдардағы архивтік фотосуреттер қойылды. Суреттерден жаздың аптап ыстығына қарамастан көне қаланың тарихын зерттеп, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген мамандардың еңбегін көруге болады. Жиырма жыл бойы жүргізілген археологиялық зерттеулер Жанкент қалашығының Сыр бойындағы ортағасырлық өркениеттің маңызды ошақтарының бірі болғанын зерделеуге мүмкіндік беріп келеді.

688.JPG.jpeg

Экспедиция жұмыстары барысында табылған әрбір жәдігер – өткен дәуірдің тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен қолөнері туралы құнды дерек беретін тарихи мұра. Жанкент археологиялық экспедициясының 20 жылдығына арналған көрме – археологтардың табанды еңбегін дәріптеп қана қоймай, көне қаланың сырын бүгінгі ұрпаққа жеткізетін тағылымды тарихи жоба болды.

41.JPG.jpeg

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации