Университет ғимараттарының жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 тамыз 2026
  • 13

Университет ғимараттарының жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жалғасуда.
Университеттің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов №1, №6 және №9 оқу ғимараттарының 2026-2027 оқу жылына дайындығын тексерді. Аралау барысында ғимараттардағы жөндеу жұмыстарының орындалу барысы мен университет нысандарының жалпы дайындығына назар аударылды.
WhatsApp Image 2026-08-24 at 11.34.09 (1).jpeg
Қазіргі таңда оқу ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары, ғимарат алаңдарын абаттандыру және қажетті өзге де жұмыстар атқарылуда.
WhatsApp Image 2026-08-24 at 11.34.10 (1).jpeg
Білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға да ерекше мән берілуде. Осыған байланысты оқу ғимараттарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, кіріп-шығуды бақылау жүйесі және санитарлық талаптардың орындалуы тексерілді.
WhatsApp Image 2026-08-24 at 11.34.10.jpeg
Университет басшысы жауапты қызметкерлерге жүргізіліп жатқан жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтап, оқу ғимараттарын жаңа оқу жылына толық дайындау жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
WhatsApp Image 2026-08-24 at 11.34.11.jpeg
 
WhatsApp Image 2026-08-24 at 11.34.11 (1).jpeg

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации