СТУДЕНТТЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 тамыз 2026
  • 31

СТУДЕНТТЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Әлеуметтік қолдауға тиісті санатқа жататын студенттер оқу ақысына жеңілдік, ай сайынғы тамақтану өтемақысын (тек жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге) алу, жатақханада тегін тұру секілді көмек түрлеріне ие бола алады.

Әлеуметтік қолдаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың әлеуметтік және оқу үдерісіндегі қиындықтарды еңсеруіне көмектесу, сондай-ақ оқуына қолайлы жағдай қалыптастыру.

Бүгінде әлеуметтік қолдауға өтініш білдірген студенттердің құжаттарын қабылдау белсенді түрде жүргізілуде. 8 тамыздан бері 600-ге жуық студенттің құжаттары қабылданды

Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 25 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Құжаттар Бас оқу ғимаратының 316-кабинетінде қабылданады.

Маңызды талаптың бірі – өтініш пен қажетті құжаттар тек студенттің өзінен қабылданады. Ата-аналар немесе өзге де тұлғалар арқылы құжат қабылданбайды.

Ережеде көрсетілген тиісті санаттарға жататын студенттерді қажетті құжаттарын белгіленген мерзімде тапсырып, әлеуметтік қолдау мен оқу ақысына арналған ішкі гранттар мен жеңілдіктерді алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.

Толығырақ: https://korkyt.edu.kz/page/138

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации