ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде 2022-2024 жж. арналған ғылыми жобалардың жеңімпаздары анықталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 қыркүйек 2022
  • 1743

ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде 2022-2024 жж. арналған ғылыми жобалардың жеңімпаздары анықталды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру байқауының жеңімпаздары атанды. Келесі ғылыми жобалардың жеңімпаздарын құттықтаймыз:

АР14872046 Қазақстанда жоғары білім беруді интернационаландыру: болашақ бағыттар.
Жоба жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты КАРИМОВА БЕЙБІТКҮЛ СӘРСЕМХАНҚЫЗЫ.

АР14870690 Сыр өңіріндегі киелі орындар мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық ерекшеліктері.
Жоба жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты ОРАЛОВА ГҮЛЗИРА САПАРҚЫЗЫ.

АР14869851 Робототехникалық жүйелерді машиналық оқыту әдістерін зерттеу және әзірлеу.
Жоба жетекшісі: философия докторы (PhD) ҚОҢЫРБАЕВ НҰРБЕК БЕРКІНБАЙҰЛЫ.

Сондай-ақ қазіргі уақытта ҚР ҒЖБМ ҒК гранттық қаржыландыру шеңберінде 9 жоба, жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша – 3 жоба, Еуропалық Одақтың «Горизонт-2020» зерттеулер мен инновациялар жөніндегі бағдарламасы бойынша 1 халықаралық жоба, ҒЗИ мен кәсіпорынның тапсырысы бойынша 2 шаруашылық келісімшарт, мұнай компаниясымен келісімшарт бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары аясында 1 жоба орындалуда.
2017-2019 жылдарға арналған ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын "Ғылым қоры" АҚ гранттық қаржыландыру нәтижелері бойынша 2022 жылғы тамызда «Құрамында мұнайы бар қалдықтарды инновациялық технология бойынша өңдеу» жобасы өндіріске енгізілгенін айта кету керек.
ҒАЛЫМДАРҒА ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕЛЕР ТІЛЕЙМІЗ!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...