💠 БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 тамыз 2026
  • 21

💠 БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлектері ел дамуына түрлі салада сүбелі үлес қосып, қоғам өмірінің маңызды бағыттарында табысты еңбек етіп келеді.

2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында іріктелген 145 депутаттың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің екі түлегі – Шахмардан Асқарұлы Байманов пен Нұркен Бақытбекұлы да бар. Орталық сайлау комиссиясының 27 тамыздағы қаулысымен сайланған депутаттар ресми түрде тіркелді.

Шахмардан Асқарұлы Байманов «Ауыл» партиясының партиялық тізімі бойынша Құрылтай депутаты болып сайланса, Нұркен Бақытбекұлы мен университеттің Директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры Мағжан Ералиев жаңа Құрылтай құрамына «Әділет» партиясының тізімімен енді.

Бұл – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті түлектерінің ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласып, халық сенімін ақтап жүргенінің айқын көрінісі.

Біздің түлектер – біздің мақтанышымыз! Қорқыт ата университеті өз түлектерімен әрдайым мақтанады!

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации