УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 31 тамыз 2026
  • 13

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты облыстық педагогикалық тамыз конференциясына қатысып, баяндама жасады.

Дәстүрлі тамыз конференциясы білім беру саласының жаңа оқу жылындағы басым бағыттарын айқындап, өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаң болды. Іс-шара барысында аймақтың білім беру саласындағы жетістіктері сараланып, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалар мен алдағы міндеттер жан-жақты талқыланды.

Конференцияда білім беру жүйесін жетілдіру, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, білім мен ғылымның сабақтастығын нығайту, сондай-ақ адами капиталды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 Басқосуда Шетел тілдері және аударма білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Нұрғазы Жапбаров білім саласындағы еңбегі үшін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік марапат «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталды.

Жиын аясында білім беру саласында еселі еңбек етіп, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосып жүрген ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации