МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 31 тамыз 2026
  • 19

МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне жұмыс сапарымен келіп, білім ордасының 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты.

Сапар барысында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов оқу орнының бүгінгі тынысы, жаңа оқу жылын ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер жөнінде ақпарат берді.

Министрдің кеңесшісі университеттің оқу ғимараттарындағы дайындық жұмыстарымен, білім алушыларға жасалған жағдаймен және оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру бағытындағы жүзеге асырылып жатқан шаралармен танысты. Сонымен қатар, жатақханаларды аралап, құрылыс нысандарын аралады. Қазіргі таңда Инжинирингтік парк пен дрон құрастыру орталығының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Қазан айында пайдалануға бер жоспарлануда.

Айта кетейік, 2026–2027 оқу жылында университет қатарына 3411 жаңа білім алушы қабылданды. Нәтижесінде оқу орнының жалпы білім алушылар контингенті 11 мыңға жуықтады.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации