СЫР ӨҢІРІНІҢ ЖАСТАРЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК АРТЫП КЕЛЕДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 31 тамыз 2026
  • 14

СЫР ӨҢІРІНІҢ ЖАСТАРЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК АРТЫП КЕЛЕДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Мадияр Базарбай Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы Keimyung University университетінде өткен жазғы білім беру бағдарламасына қатысып, Қазақстаннан бағдарламаға қатысқан жалғыз білім алушы атанды.

Мадияр Базарбай Korea Foundation (KF) Global e-School Fellowship Program аясында ұйымдастырылған халықаралық бағдарламаға жоғары академиялық көрсеткішінің нәтижесінде іріктелді. Бағдарламаға қатысу үшін студенттер алдымен Корея тарихы мен мәдениетіне арналған 15 апталық дәрістер курсын аяқтап, оқу нәтижесі бойынша іріктеуден өтеді. Үздік білім алушыларға Оңтүстік Кореяға барып, жазғы семестр аясында білімін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беріледі.

Бағдарлама барысында студент Кореяның тарихы мен мәдениетін тереңірек танып, халықаралық ортада тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар академиялық білімін жетілдіріп, жаңа ортада өз әлеуетін сынады.

«Қазақстаннан жалғыз қатысушы ретінде елімді халықаралық ортада таныстыру мен үшін үлкен мақтаныш болды. Бұл сапар білімімді тереңдетіп қана қоймай, дүниетанымымды кеңейтіп, жаңа тәжірибе жинақтауыма мүмкіндік берді. Халықаралық ынтымақтастықты тек білім алушыларды шетелге жіберу деп қабылдауға болмайды. Меніңше, бұл – әлемдік білім мен ғылым кеңістігіндегі озық тәжірибе мен мүмкіндіктерді өңір жастарына қолжетімді ететін маңызды стратегиялық бағыт», – деді Мадияр Базарбай.

Мадиярдың халықаралық бағдарламаға қатысуы – жоғары білім мен ғылымды халықаралық кеңістікке ықпалдастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижелерінің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық академиялық байланыстарды нығайтып, жастардың әлемдік білім кеңістігіне шығуына жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруда. Осындай бастамалар қазақстандық студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп, олардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации