ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОҒАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 01 қыркүйек 2026
  • 19

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОҒАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бірқатар қызметкері 1 қыркүйек – Білім күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Бұл мәртебелі марапат – олардың жоғары білім мен ғылым саласының дамуына, университеттің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық кәсіби еңбегіне берілген лайықты баға.

Марапат төрінен көрінгендер қатарында «Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламаларының жетекшісі, PhD Гаухар Сеитова, университеттің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Райхан Жандавлетова және Стратегиялық жоспарлау және сапаны қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жаннат Жаксылыкова бар.

Ал ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Алғыс хатымен» «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты  Бегзат Нурмаганбетова, «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Айдана Әлайдарова және «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Мансұр Балғабаев марапатталды.

Әріптестерімізді құттықтай отырып, алдағы кәсіби қызметтеріне толағай табыс, шығармашылық жетістіктер және жаңа белестер тілейміз!

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации