ЛЯЗЗАТ БЕРЖАНОВАНЫ ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 01 қыркүйек 2026
  • 22

ЛЯЗЗАТ БЕРЖАНОВАНЫ ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Оқу үдерісін ұйымдастыру және диспетчерлік қызмет басқармасының бас әдіскері Бержанова Ляззат Мергенқызының құрметті еңбек демалысына шығарып салуға арналған жиын өтті.

Жиында Ляззат Мергеновнаның университет қабырғасындағы көп жылғы жемісті еңбегі, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі, білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру жолындағы атқарған қызметі ерекше атап өтілді.

Басқосуда Академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева мен Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уалихан Ибраев Ляззат Мергенқызының саналы ғұмырын жауапты қызметке арнап, еңбек жолында жинаған мол тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп, ұжым арасында зор құрметке ие болғанын атап өтті.

Көп жылдық адал еңбектің нәтижесінде абыройлы белестерді бағындырған Ляззат Мергенқызын ұжым ерекше ықыласпен құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации