УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ШАНХАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 қыркүйек 2026
  • 23

УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ШАНХАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтіп жатқан «БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы Қытай тәжірибесі: зияткерлік өндіріс және өнеркәсіптік инновациялар» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысуда.

Халықаралық семинар орнықты даму, цифрландыру, зияткерлік өндіріс, өнеркәсіптік инновациялар және басқарудың заманауи тәсілдері бағыттарындағы Қытай тәжірибесін зерделеуге және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға арналған.

Іс-шара бағдарламасы аясында қатысушылар орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы заманауи технологиялардың рөлі, өндірістік үдерістерді цифрландыру, инновациялық шешімдерді енгізу және тиімді басқару тетіктері бойынша тәжірибе алмасуда.

Семинарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Самал Ильясова және «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Гүлнұр Бисембаева қатысуда.

Халықаралық семинарға қатысу университет өкілдеріне озық халықаралық тәжірибені зерделеп, кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, жаңа білім мен тәжірибені университет қызметіне енгізу мүмкіндіктерін қарастыруға, сондай-ақ халықаралық әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации