СЫРДЫҢ ҮЗДІК ҚАУЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 қыркүйек 2026
  • 15

СЫРДЫҢ ҮЗДІК ҚАУЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде күзгі өнім жинау мерекесі аясында студенттер мен қызметкерлердің қатысуымен «Қауын пати» танымдық-мәдени шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы өнімдерін кеңінен насихаттау, бақша дақылдарының ерекшеліктерін таныстыру, сондай-ақ университет жастарының, оның ішінде 1-курс студенттерінің университет өміріне белсенді араласуына, туған өлкенің дәстүрі мен ауыл шаруашылығы әлеуетіне деген қызығушылығын арттыру.

Жиынға университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Уалихан Ибраев қатысып, осындай танымдық әрі мәдени шаралардың жастардың өзара ынтымақтастығын нығайтып, туған жердің жетістіктерін тануға және жергілікті өнімді бағалауға ықпал ететінін атап өтті.

Басқосуда Сыр өңірінде өсірілетін Мырзашөл, Эфиопка, Саржау, Қара күләбі, Әміре және Пиель де Сапо қауын сорттары таныстырылды. «Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов әр сорттың қасиеті, өсірілу ерекшелігі және өңір жағдайына бейімділігі жөнінде ақпарат берді.

Қатысушылар қауындардың дәмін татып, өз бағаларын берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Пиель де Сапо» сорты ең жоғары бағаланып, «Сыр қауындарының үздігі» атанды.

Бүгінде Сыр өңірінде бақша дақылдарының түрлерін көбейту, жаңа сорттарды енгізу және тұқым шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Нидерланд, Қытай, Испания секілді елдерден әкелінген жаңа сорттарды жергілікті табиғи-климаттық жағдайға бейімдеу тәжірибесі өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Күзгі мерекелік шара жастардың концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации