СЫР БОЙЫНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРЫ МЕН АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНІҢ МҰРАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 қыркүйек 2026
  • 24

СЫР БОЙЫНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРЫ МЕН АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНІҢ МҰРАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт ата университетінде «Сырдария қалалары және Алтын Орда» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Ғылыми басқосудың негізгі мақсаты – Сыр бойындағы ортағасырлық қалалардың тарихи-мәдени маңызын зерделеу, Алтын Орда дәуіріне қатысты археологиялық нысандар мен тарихи мұраларды жаңа ғылыми зерттеулер негізінде талқылау және өңірдің археологиялық мұрасын зерттеу бағытындағы жұмыстарды саралау.

Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушылары, ғылыми орталықтардың қызметкерлері мен зерттеушілері қатысты. Іс-шараны Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрлыбек Мыңжас модераторлық етті.

Іс-шара барысында ғалымдар Сыр бойындағы ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен тарихи маңызы, Арал маңындағы Алтын Орда дәуірінің тарихи-мәдени мұраларына қатысты жаңа зерттеулер, археологиялық олжалар негізіндегі ортағасырлық қалалардың экономикалық дамуы және 2025 жылғы археологиялық қазба-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жөнінде баяндамалар жасады.

«19 мамырда Астана қаласында өткен халықаралық симпозиумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алтын Орданың Ұлы дала өркениеті тарихындағы орнына ерекше тоқталып, Қазақстанның Алтын Орда мұрагері ретіндегі тарихи сабақтастығын атап өтті. Бұл – еліміздің тарихи мұрасын терең зерттеуге берілген үлкен серпін. Бүгінгі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өтіп жатқан «Сырдария қалалары және Алтын Орда» тақырыбындағы жиынның да маңызы зор. Себебі Сырдария өңірі Жошы ұлысының құрамында болып, сол кезеңдегі саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени үдерістермен тікелей байланысты болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің мұрасын жан-жақты зерттеп, тарихи құндылықтарымызды ғылыми тұрғыдан зерделеу – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі»,- деді Нұрлыбек Мыңжас.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүйелеу, археологиялық мұраларды сақтау және Сыр өңірінің тарихи-мәдени нысандарын кешенді зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации