«ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҒЫ» ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 қыркүйек 2026
  • 30

«ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҒЫ» ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында болашақ заңгерлердің кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік құқығы» дәрісханасы мен коворкинг орталығы ашылды.

Жаңа дәрісхананың тұсаукесер рәсіміне Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов, Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров, Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Ергешов және құқық қорғау саласының ардагері Тастемір Рахимов қатысты.

Оқу залы студенттердің қылмыстық процестің теориясы мен практикасын терең меңгеруіне, құқықтық талдау жасау қабілетін жетілдіруіне және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруына мүмкіндік беретін білім беру алаңына айналмақ.

Іс-шара барысында университет пен құқық қорғау саласы арасындағы әріптестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Ергешовке «Қорқыт Ата университетінің Алтын медалі» табысталды.

Сонымен қатар, университеттің «Үздік түлегі» медалімен Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінің Тергеу басқармасының тергеушісі, полиция майоры Салтанат Мұратова, аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы, полиция майоры Әділхан Смаилов, Сырдария аудандық Полиция бөлімінің тергеу жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Дәулетхан Байменов және Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінің Тергеу басқармасының тергеушісі, полиция майоры Батырхан Жандуллаев марапатталды.

Қонақтарға «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңнаманы терең меңгеруге бағытталған әдебиеттер таныстырылды.

Салтанатты жиын Қорқыт ата университеті мен Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті арасында студенттерді дуалды оқыту бойынша меморандумға қол қоюмен қорытындыланды. Бұл құжат білім алушылардың оқу барысында алған теориялық білімін құқық қорғау органдарының нақты тәжірибесімен ұштастыруына жаңа мүмкіндік береді.

Айта кетейік, іс-шараға құқық қорғау органдарының басшылары мен ардагерлері, профессор-оқытушылар, білім алушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации