ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 қыркүйек 2026
  • 20

ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров құқықтану мамандығының 1-курс студенттерімен кездесіп, дәріс оқыды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған кездесуде облыс прокуроры болашақ заңгерлерге қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын түсіндіріп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың өзектілігіне тоқталды. Сондай-ақ, студенттердің өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын сақтауы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі – құқықтық мемлекет құрудың маңызды негіздерінің бірі екеніне назар аударды.

Ризабек Кәрімұлы өз сөзінде заңды құрметтеумен қатар, өзге адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеудің маңызын атап өтті. Әсіресе болашақ заңгерлердің кәсіби біліммен қатар, жоғары адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі қажеттігін жеткізді.

Дәріс барысында бала құқықтарын қорғау, қолданыстағы заңнама талаптары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі нормалар және құқықтық жауапкершілік мәселелері қамтылды. Облыс прокуроры заң саласында қызмет ететін маман үшін кәсіби білім мен құқықтық сауаттылықпен қатар, адалдық, батылдық, принципшілдік және жауапкершілік қасиеттерінің аса маңызды екенін айтты.

Іс-шара соңында білім алушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации