УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 07 қыркүйек 2026
  • 32

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ФКС-26-1 оқу тобының студенті Нұрперзент Саматұлы Ақтөбе қаласында өткен таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 227 спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында Нұрперзент Саматұлы жоғары спорттық шеберлік танытып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Айта кетейік, 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ҚР-ның чемпионаты биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Аталған республикалық дода жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, кәсіби шеберлігін шыңдауына мүмкіндік беретін маңызды жарыстардың бірі саналады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы Нұрперзентті жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс пен биік белестер тілейді!

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации