"АДАМЗАТ ҒАРЫШТА - 65 ЖЫЛ" АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 07 қыркүйек 2026
  • 34

"АДАМЗАТ ҒАРЫШТА - 65 ЖЫЛ" АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Адамзат ғарышта – 65 жыл» атты  халықаралық семинар өз жұмысын бастады.

Семинардың алғашқы күні шетелдік білім алушыларға Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы мен оның әлемдік ғарыш ғылымындағы орнына арналған танымдық дәріс өтті.

Дәрісті тарих ғылымдарының докторы, профессор Тастанбек Сәтбай оқыды. Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытайдан келген 22 студент қатысты.

Кездесу барысында ғалым Байқоңыр ғарыш айлағының қалыптасу тарихынан бастап бүгінге дейінгі даму кезеңдеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, оның қазіргі геосаяси жағдайдағы стратегиялық маңызы, Қазақстан үшін тарихи және экономикалық мәні, сондай-ақ халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны туралы кеңінен баяндады.

Дәріс соңында шетелдік студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, маманнан ғалымнан жан-жақты жауап алды.

Айта кетейік, 6-11 қыркүйек аралығында халықаралық семинар бағдарламасы аясында қатысушылар Қазақстанның мәдени-танымдық орындарымен танысады. Сондай-ақ, олар Байқоңыр ғарыш айлағына барып, «Прогресс МС-35» жүк кемесінің «Союз-2.1а» зымыран тасығышы арқылы ғарышқа ұшу сәтін тамашалайды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации