Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және құқық институты директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қыркүйек 2026
  • 21

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және құқық институты директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

  5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Директор орынбасары білуі тиіс:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларын; оқу-тәрбие процесі мәселелері бойынша отандық және шетелдік жетістіктерді; оқу жұмысын жетілдіру әдістемелерін; педагогиканы, психологияны; оқу-тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; тиісті мамандық бойынша негізгі ғылыми проблемаларды; кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарды; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын; оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу қағидаларын; экономика негіздерін, еңбек заңнамасын; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын.

Директор орынбасарының біліктілік талаптары:  жоғары білімінің болуы, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының немесе академиялық дәрежесінің болуы не білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.09.2026ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 кабинет; e-mail: ksu@korkyt.kz.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации