Студенттер танымал спортшылармен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 қыркүйек 2022
  • 1382

Студенттер танымал спортшылармен кездесті

Қорқыт ата университетінің студенттері  "Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық" кафедрасының атақты спортшылармен кездесті.

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі Проректор Жандос Базартай оқу орнында спортты дамытуға және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Еркін форматта ұйымдастырылған жиында ересектер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және белбеудегі күрестен Әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері Райымбек Рантаевқа Басқарма төрағасы ректор Бейбіткүл Кәрімовадан "Құрмет грамоталары" табыс етілді.

Студенттермен кездесу барысында спортшылар өздерінің жетістіктерімен, спорт жолындағы сынақтарымен, жарыстарға дайындықтарымен және қызықты естеліктерімен бөлісті.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...