УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ПОРТУГАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қыркүйек 2026
  • 16

УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ПОРТУГАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушылары ERASMUS-EDU-2025-CBHE-STRAND-2 бағдарламасы аясындағы MECAS халықаралық жобасы бойынша ұйымдастырылған семинарға қатысуда.

Іс-шара 7–11 қыркүйек аралығында Португалияның Ковильян қаласындағы Бейра Интериор университетінде (UBI) өткізілуде.

MECAS – Erasmus бағдарламасы шеңберінде жоғары білім беру әлеуетін арттыруға бағытталған халықаралық жоба. Негізгі мақсаты – Арал теңізі аймағындағы экологиялық мәселелерді зерттеу мен шешуге қажетті мамандар даярлайтын экоинформатика саласындағы жаңа магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеу.

Семинар барысында бағдарламаның мазмұнын қалыптастыру, заманауи оқыту әдістерін енгізу, оқу үдерісін ұйымдастыру және озық халықаралық тәжірибені пайдалану мәселелері қарастырылуда. Қоршаған ортаға қатысты деректерді жинау, өңдеу, талдау тәсілдері жөніндегі кәсіби тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылған.

Университет атынан «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының профессор-зерттеушісі, техника ғылымдарының кандидаты Шолпан Үмбетова мен техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бахытжан Шаянбекова білім беру бағдарламасын әзірлеу жұмысына үлес қосуда.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации