ЖАҢА ОРТАҒА СЕНІМДІ ҚАДАМ: СТУДЕНТТЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қыркүйек 2026
  • 21

ЖАҢА ОРТАҒА СЕНІМДІ ҚАДАМ: СТУДЕНТТЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы білім алушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің жаңа ортада өзін еркін сезінуіне жағдай жасау, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларын дамыту және топ ішінде жағымды психологиялық ахуал орнатуға ықпал ету.

Психологиялық қолдау орталығы мамандарының айтуынша, студенттің өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуі, айналасындағы адамдармен сенімді қарым-қатынас орнатуы оның оқу белсенділігіне және университет өміріне араласуына тікелей ықпал етеді.

Іс-шара барысында студенттер үшін өзара сенім, ашық қарым-қатынас және командалық әрекет мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа ортада кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды талқылады.

Психологиялық қолдау орталығы алдағы уақытта да студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне, тұлғалық дамуына және эмоционалдық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған тренингтер мен кездесулерді жалғастырады.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации