ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН РХДУ ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ ҚОСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қыркүйек 2026
  • 19

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН РХДУ ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ ҚОСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов «Адамзат ғарышта: 65 жыл» халықаралық семинары аясында Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) өкілдерімен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту, білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарындағы өзара байланысты кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылау.

Басқосуға РХДУ Орыс тілі институтының русистика, этно-бағдарлы педагогика және цифрлық дидактика кафедрасының доценті Светлана Красильникова бастаған делегация қатысты.

Кездесу барысында екі университеттің бірлескен бастамаларының бірі – «Русский язык и литература в цифровой образовательной среде» бакалавриаттың қос дипломды білім беру бағдарламасының іске қосылғаны атап өтілді. Бағдарлама білім алушыларға екі жоғары оқу орнында білім алып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтауға және оқу нәтижесінде қос диплом алуға мүмкіндік береді.

Тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту мәселесіне де басымдық берді. Атап айтқанда, студенттер алмасуын кеңейту, білім алушылардың шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуына және кәсіби ортада тәжірибе жинақтауына жағдай жасау жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Сонымен қатар делегация өкілдері халықаралық білім беру кеңістігіне бағытталған «Глобальная педагогика» магистратура бағдарламасы туралы ақпарат ұсынды. Бағдарлама халықаралық білім беру үдерістерін терең түсінетін, заманауи педагогикалық тәсілдерді меңгерген мамандар даярлауға бағытталған.

Бағдарлама түлектері жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының халықаралық байланыстар бөлімдерінде, мемлекеттік және сараптамалық-талдау құрылымдарында, халықаралық жобалар мен қорларда, үкіметтік емес ұйымдарда, EdTech саласында, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу орталықтарында кәсіби қызмет атқара алады.

Кездесу барысында халықаралық кәсіби қауымдастықпен тәжірибе алмасудың маңыздылығы да сөз болды. Осы орайда РХДУ делегациясы қыркүйек айының соңында өтетін педагогтер форумына Қорқыт ата университетінің өкілдерін қатысуға шақырды. Халықаралық форумға ТМД елдерінен білім беру саласының жетекші мамандары қатысып, педагогиканың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға, академиялық ұтқырлық аясын кеңейтуге және бірлескен білім беру жобаларын іске асыруға мүдделі екендерін білдірді.

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации