АҚШ БАС КОНСУЛДЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қыркүйек 2026
  • 12

АҚШ БАС КОНСУЛДЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде АҚШ Бас консулдығының өкілдерімен кездесу өтті. Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов қонақтарға оқу орнының қызметі, жетістіктері мен халықаралық байланыстары туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында университет пен АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі арасындағы білім беру және мәдени ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Ректор он жылдан астам уақыт бойы Fulbright бағдарламасы аясында оқытушыларды тартуға көрсетіліп келе жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар Fulbright бағдарламасын жалғастыру, студенттердің АҚШ университеттерінде академиялық ұтқырлық бойынша білім алуына, оқытушылардың үш айдан бір жылға дейін тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік жасау жөнінде ұсыныстар айтылды. Университет ұжымының америкалық ғылыми басылымдар мен кітапханалардың цифрлық ресурстарына қолжетімділігін кеңейту мәселесі көтерілді.

Баспасөз атташесі Ингрид Корсгард Fulbright бағдарламасы бойынша келген оқытушы Микаела Фириді жылы қабылдағаны үшін университет басшылығына алғысын жеткізді. Микаела Фири де көрсетілген қолдауға ризашылығын білдіріп, қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысында English Access Scholarship Program жобасын жүзеге асыру және студенттер мен оқытушыларға арналған бірлескен бастамаларды дамыту бағыттары қарастырылды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации