«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА УНИВЕРСИТЕТТІҢ 12 ТАЛАПКЕРІ ИЕ БОЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 қыркүйек 2026
  • 10

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА УНИВЕРСИТЕТТІҢ 12 ТАЛАПКЕРІ ИЕ БОЛДЫ

2026–2027 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру грантына еліміздегі 38 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан 220 талапкер ие болды. Олардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 12 талапкері бар.

«Қазақстан халқына» қорының білім беру гранттары бағдарламасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама ауылдық жерлердің, шағын және моноқалалардың жастарына жоғары білім алуға мүмкіндік беріп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін талапкерлерді қолдауға бағытталған.

2026 жылы гранттар үш санат бойынша тағайындалды. Оның ішінде ауылдық жерлерден, шағын және моноқалалардан шыққан жетім балаларға және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлерге қарастырылды.

Грант иегерлерін анықтау Қордың Қамқоршылық кеңесінің 2026 жылғы 22 маусымдағы №105 шешімімен бекітілген білім беру гранттарын беру тұжырымдамасы мен 2026 жылға арналған талапкерлерді іріктеу моделіне сәйкес жүргізілді.

Іріктеу қорытындысы бойынша білім беру гранты тағайындалатын талапкерлердің тізімі Қор Басқармасының 2026 жылғы 9 қыркүйектегі №34 шешімімен бекітілді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации