Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жасанды интеллект институтының директоры орынбасарының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қыркүйек 2026
  • 8

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жасанды интеллект институтының директоры орынбасарының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

  5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

 Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

 Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Директор орынбасары міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және жоғары білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларын; оқу-тәрбие процесі саласындағы отандық және шетелдік жетістіктерді; оқу жұмысын жетілдіру әдістемелерін; педагогика мен психологияны; оқу-тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; тиісті мамандық бойынша негізгі ғылыми мәселелерді; кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарды; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу қағидаларын; экономика және еңбек заңнамасының негіздерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

Білім беру бағдарламаларының оқытушылар құрамымен бірлесіп, оқу-тәрбие жұмысына қатысты ағымдағы мәселелердің шешімін табады. Білім беру процесіне қатысты қажетті құжаттаманы жүргізеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білімі, академиялық дәрежесі немесе білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда не тиісті мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 21.09.2026ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 каб.; e-mail: ksu@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации