«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қыркүйек 2026
  • 10

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды

р/с

Бос лауазымның атауы

БББ атауы

Штаттық  бірлік

Ескерту

1.

Профессор 

Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар БББ

1

Ғылым кандидаты, PhD ғылыми дәрежесі болуы

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

  5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға арналған жобаның тұсаукесері (электрондық түрде, көлемі 7 слайдтан аспайтын) және ПОҚ лауазымдары бойынша онлайн сабақ электрондық жеткізгіштегі онлайн нұсқасын қоса бере отырып ,

 7) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

 8) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Профессор білуі тиіс Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және жоғары білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйелерін басқарудың теориясы мен әдістерін; оқу жоспарларын әзірлеу тәртібін; әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; жетекшілік ететін пәндер бойынша білім саласының қазіргі жай-күйін; оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу қағидаларын; педагогиканы, физиологияны, психологияны; кәсіптік оқыту әдістемесін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи нысандары мен әдістерін; экономика және еңбек заңнамасының негіздерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

Профессор біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл немесе мамандығы (қызмет саласы) бойынша практикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес және/немесе ғылыми дәреже болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 21.09.2026ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 каб.; e-mail: ksu@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации