«АДАМЗАТ ҒАРЫШТА – 65 ЖЫЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 қыркүйек 2026
  • 17

«АДАМЗАТ ҒАРЫШТА – 65 ЖЫЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Адамзат ғарышта – 65 жыл» халықаралық семинарының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Жиында университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева сөз сөйлеп, халықаралық семинардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларды іс-шараға жіберген жоғары оқу орындарының ректорларына және семинар делегаттарына ризашылығын білдірді. Қонақтарға алғыс хаттар мен Абайдың қара сөздері жинақталған кітаптар табысталды.

Жабылу рәсімі аясында 6–11 қыркүйек аралығында өткізілген іс-шаралардан әзірленген естелік бейнематериал көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар Ресей халықтар достығы университеті Орыс тілі институтының русистика, этнобағдарлы педагогика және цифрлық дидактика кафедрасының доценті Светлана Красильникова халықаралық жазғы лагерьге қатысқан Қорқыт ата университетінің 10 студентіне сертификат табыстады.

Халықаралық семинарға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Моңғолия және Қытайдан келген студенттер мен үйлестірушілер, сондай-ақ университет ұжымы мен білім алушылары қатысты.

Бір аптаға созылған бағдарлама аясында шетелдік қонақтар үшін дәрістер мен психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Қатысушылар Байқоңыр қаласына сапар жасап, Қамбаш көлін, Қармақшы ауданындағы музейді және түркі дүниесіне ортақ рухани мұра – Қорқыт ата мемориалдық кешенін аралады. Танымдық экскурсиялар барысында олар Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұрасы және көрікті орындарымен танысты.

Салтанатты жабылу рәсімі Байқоңырға арналған әнмен қорытындыланды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации