ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ENGLISH ACCESS SCHOLARSHIP PROGRAM БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 қыркүйек 2026
  • 19

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ENGLISH ACCESS SCHOLARSHIP PROGRAM БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттерге халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған семинар өтті. Жиын барысында АҚШ Бас консулдығының өкілдері мен ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Нұргүл Жаңабаева студенттерге English Access Scholarship Program бағдарламасының мүмкіндіктерін таныстырды.

Семинарда АҚШ Бас консулдығының Пресс атташесі Ингрид Корсгард сөз сөйлеп, әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылып келе жатқан Access бағдарламасының жастардың білімін жетілдірудегі маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бағдарлама қатысушылардың тек ағылшын тілін меңгеруіне ғана емес, сонымен қатар заманауи еңбек нарығында қажетті дағдыларды қалыптастыруына мүмкіндік береді.

English Access Scholarship Program аясында қатысушылардың төрт негізгі бағыттағы құзыреттерін дамытуға басымдық беріледі. Атап айтқанда, бағдарлама XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруға, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді жетілдіруге, сондай-ақ тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен бірге IT технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып ағылшын тілін үйрету, цифрлық сауаттылық пен көшбасшылық қабілеттерді дамыту да бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Бағдарлама қатысушыларға білім алумен қатар, болашақ кәсіби дамуына қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге жол ашады. Атап айтқанда, студенттер түйіндеме дайындау, жұмысқа орналасу кезінде сұхбаттан өту тәртібі, кәсіби коммуникация және еңбек нарығындағы өзін-өзі таныстыру тәсілдері бойынша білім алады.

Нұргүл Жаңабаева бағдарламаның артықшылықтарына тоқталып, қатысушылардың ағылшын тілін меңгерумен қатар, сыни ойлау, коммуникация және кәсіби даму дағдыларын жетілдіретінін атап өтті. Бағдарлама аясында студенттер үшін сабақтан тыс түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың көшбасшылық және командалық жұмыс қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – оны сәтті аяқтаған түлектердің АҚШ Бас консулдығы ұйымдастыратын арнайы жәрмеңкелер мен іс-шараларға қатысу мүмкіндігі. Бұл жастарға жаңа кәсіби және білім беру байланыстарын орнатып, халықаралық ортада тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Ингрид Корсгард өз сөзінде Қызылордалық жастардың бағдарлама барысында алған білімдері мен тәжірибелерін болашақта Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестікті дамытуға үлес қосатын маңызды ресурсқа айналдыратынына сенім білдірді.

Айта кетейік, English Access Scholarship Program Қызылордада 2016 жылдан бері тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Биыл құжат қабылдау 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

Конкурсқа 18-25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Биыл бағдарлама аясында 32 грант бөлінген.

Бағдарлама 5 қазанда басталып, оқу мерзімі 2 жылды құрайды.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации