«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: СТУДЕНТТЕРГЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОННЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 қыркүйек 2026
  • 35

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: СТУДЕНТТЕРГЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОННЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Кездесу барысында университеттің Ғылыми кітапхана директоры Гүлмира Сәтбаева республикалық марафонның маңызына тоқталып, кітап оқудың жеке тұлғаның дамуы мен қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттырудағы рөліне назар аударды.

Жоба еліміздің барлық өңіріндегі оқырмандарды біріктіріп, оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ауқымды бастама ретінде жүзеге асырылуда.

Марафон аясында қатысушылар қыркүйек айынан наурыз айына дейін арнайы ұсынылған 330 кітаптан 15 кітап оқуы қажет. Кітаптардың 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылады.

Қатысу ережелерімен толығырақ www.reading-nation.kz сайтынан танысуға болады.

Айта кетейік, бүгін 15 қыркүйек – «Кітап оқитын ұлт» жобасына тіркелудің соңғы күні.

Кітап оқуға, білімді толықтыруға және өзіңізді дамытуға мүмкіндік беретін жобаға қатысуға асығыңыз!

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации