«ТАБЫСТЫ СТУДЕНТ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУ» ТРЕНИНГІ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 қыркүйек 2026
  • 19

«ТАБЫСТЫ СТУДЕНТ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУ» ТРЕНИНГІ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы «Дильмаш» студенттер үйінің бірінші курс студенттеріне «Табысты студент: қарым-қатынас және бейімделу» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету, өзара қарым-қатынас дағдыларын дамыту және топтық бірлікті нығайту.

Іс-шара барысында студенттер «Сенімді хабарлама», «Көпірден бірге өту», «Менің супер қасиетім» және басқа да психологиялық тапсырмалар мен жаттығуларды орындады. Қатысушылар белсенділік танытып, бір-бірімен еркін пікір алмасты.

Тренинг нәтижесінде студенттер жаңа адамдармен танысу және байланыс орнату, өз ойын ашық әрі мәдениетті түрде жеткізу, топпен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар университеттік ортаға бейімделудің тиімді тәсілдерін меңгерді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации