ҚЫТАЙ: УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қыркүйек 2026
  • 17

ҚЫТАЙ: УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Гульнур Кабакова мен Медиа орталық маманы Нұржан Пірмағанбет Қытай Халық Республикасында дамушы елдерге арналған туризм индустриясын экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық семинарға қатысты.

7–22 қыркүйек аралығында өткен семинар Хайнань еркін сауда порты жағдайында туризм саласын дамыту тәжірибесін зерделеуге, халықаралық тәжірибе алмасуға және туристік индустрияның экономикалық әлеуетін арттыру жолдарын қарастыруға бағытталған.

Семинардың алғашқы кезеңі Хайкоу қаласында ұйымдастырылып, қатысушылар Қытайдың экономикалық даму ерекшеліктері, Хайнань провинциясының халықаралық туристік тұтыну орталығына айналу мүмкіндіктері және еркін сауда порты жағдайындағы туризм саясаты туралы дәрістер тыңдады.

Бағдарлама аясында салықсыз сауда саясатының туризм экономикасына ықпалы, туристік тұтыну құрылымын жетілдіру, мәдени туризмді дамыту және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар Вэньчан қаласындағы Дамяо ауылына, Вэньчан ғарыштық ғылым орталығына, Hainan Chunguang Foodstuff компаниясына және Санья қаласындағы Хайтан шығанағы халықаралық Duty Free сауда орталығына барды. Сондай-ақ, Санья туристік басқармасының өкілдерімен және Mandarin Oriental қонақүйінің басшылығымен кездесулер өткізіліп, туризм саласындағы басқару тәжірибесімен танысты.

Семинардың келесі кезеңі Шанхай қаласында жалғасады. Қатысушылар Сучжоу университетінің сарапшыларымен пікір алмасып, Шанхай туризм институтының қызметімен танысады. Мәдени-танымдық бағдарлама аясында Хуанпу өзені бойымен саяхат ұйымдастырылып, Шанхайдың тарихи-мәдени орындарына бармақ.

Халықаралық семинар барысында қатысушылар туризм саласындағы экономикалық даму тетіктерін, туристік инфрақұрылымды жетілдіру тәжірибесін және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации