Болашақ заңгерлер құқық қорғау саласының өкілдерімен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 қыркүйек 2022
  • 1600

Болашақ заңгерлер құқық қорғау саласының өкілдерімен кездесті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының Құрметті қызметкері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, отставкадағы полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетов және Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтының сарапшысы Серік Молжанов кездесті.

Жиын барысында заң саласында қызмет етудің жауапкершілігі, заңгерлерге жүктелетін міндеттер туралы айтылды.

Кездесуде Әмірбек Бердібекұлы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарық көрген «Тәуелсіздік қырандары» кітабымен таныстырып, өңірде резонанс тудырған аса ауыр қылмыстар мен жауаптыларды анықтау процесіндегі тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, білім алушыларды Кемел Тоқаев атындағы детектив жанрындағы шығармалардың республикалық байқауына қатысуға шақырды. Байқау биыл бесінші рет Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және республикалық «Заң Медиа» корпорациясының ұйымдастырумен өткізілмек.

Айта кету керек, мұндай кездесулер студенттердің білімін арттырып қана қоймай, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал ететіні белгілі.

033.JPG

034.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...