"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН": ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ «ӨЗЕНДІ БАЛЫҚҚА ТОЛТЫРУ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қыркүйек 2026
  • 12

"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН": ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ «ӨЗЕНДІ БАЛЫҚҚА ТОЛТЫРУ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында ұйымдастырылған «Өзенді балыққа толтыру» акциясына қатысты.

Экологиялық акцияға университеттің оқытушылары мен «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының 50-ден аса студенті қатысып, табиғи су айдындарын сақтау және биоалуантүрлілікті қорғауға бағытталған бастамаға өз үлестерін қосты.

Іс-шара Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен өтті. Сондай-ақ, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша экология департаменті де белсенді түрде атсалысты. Балықтандыру жұмыстары халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарында ауқымды түрде жүзеге асырылуда.

Акция барысында Эдельвейс саяжайы маңынан өтетін Сырдария өзеніне 10 мыңнан астам балық шабағы жіберілді. Бұл – су айдындарындағы балық қорын толықтыруға, экожүйенің тұрақтылығын сақтауға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации