КЛИМАТТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қыркүйек 2026
  • 27

КЛИМАТТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамына арналған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) бірлескен жобасы аясында семинар-тренинг өтті.

Университет базасында офлайн форматта өткен семинар климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерді бағалау мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, экология және климаттың өзгеруінен туындайтын төтенше жағдайлар салаларындағы тәуекелдерді анықтау мен талдау тәсілдері қарастырылды.

Семинарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасының сарапшысы Әділет Ткенов жүргізді.

Тренинг барысында Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделудің негізгі бағыттары, климаттық тәуекелдерді бағалауға дайындық кезеңдері және оларды сәйкестендіру әдістері таныстырылды. Сонымен қатар қатысушылар тәуекелдерді талдау, «әсер ету тізбегі» тәсілін қолдану және климаттық тәуекелдерді бағалау нәтижелерін даму жоспарларына енгізу мәселелерін талқылады.

Практикалық бөлімде қатысушылар топтық жұмыстарға қатысып, өңірдегі климаттық тәуекелдерді анықтау мен бағалау бойынша тапсырмалар орындады.

Семинар-тренингтің маңызды бағыты – алынған білімді білім беру үдерісіне енгізу. Осы мақсатта оқудан өткен профессор-оқытушылар ВРВ-25-1 оқу тобының студенттеріне «Климаттық тәуекелдер және оларды басқару» тақырыбында дәріс өткізді. Алдағы уақытта семинарға қатысқан оқытушылар БҰҰДБ сарапшыларының қолдауымен студенттерге климаттық тәуекелдерді бағалау бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізуді жоспарлап отыр.

Бастама университеттің білім беру үдерісіне климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін енгізуге, профессор-оқытушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және білім алушылардың экологиялық-климаттық сын-қатерлер туралы білімін кеңейтуге бағытталған.

Айта кетейік, семинар 15-18 қыркүйек аралығында «Бейімделуді жоспарлауды институттандыру және бейімделуді ұлттық жоспарлаудың дәйекті саясаты шеңберінде бейімделу шараларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін климаттық тәуекелдерді Қазақстанның дамуын жоспарлау процестеріне интеграциялау» жобасы шеңберінде өткізілді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации