«ЗИЯТКЕР» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫНЫҢ VI МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қыркүйек 2026
  • 20

«ЗИЯТКЕР» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫНЫҢ VI МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Qyzylorda» телеарнасының бірлесіп ұйымдастыруымен дәстүрлі «Зияткер» интеллектуалды сайысының алтыншы маусымы басталды.

Білім мен зияткерлікті дәріптеуге бағытталған жобаға қатысушылар Қызылорда облысының 7 ауданы мен Қызылорда қаласынан іріктеліп алынды. Іріктеу қорытындысы бойынша 48 оқушы телевизиялық кезеңге жолдама алды.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Қатысушылар әдебиет, тарих, кино, музыка және басқа да ғылым салалары бойынша білімдерін ортаға салып, логикалық ойлау қабілеті мен зияткерлік деңгейін сынға түсіреді.

Жобаның басты жүлдесі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3 білім гранты. Телевизиялық кезең барысында қатысушылар осы гранттарды иелену үшін өзара бақ сынайды.

«Зияткер» интеллектуалды сайысы – білімді жастарды қолдауға, олардың таным көкжиегін кеңейтуге және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған дәстүрлі телевизиялық жоба.

Сайыс ойындары әр апта сайын «Qyzylorda» облыстық телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации