БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қыркүйек 2026
  • 22

БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы сарапшысы Әділет Ткенов оқу орнындағы климаттың өзгеруіне бейімделу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және су шаруашылығы бағыттарындағы жұмыстарымен танысты.

Сапар барысында сарапшы «Электроэнергетика, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасы жанындағы күн-жел электр станциясының жұмысын көрді.

2021 жылы іске қосылған станцияның бастапқы қуаты 5 кВт болса, қазіргі таңда электр энергиясын өндіру қуаты 18 кВт-қа жеткен. Өндірілген электр энергиясы университеттің 5 оқу ғимаратының аумағы мен «Жігер» асханасын жарықтандыруға жұмсалады.

Сондай-ақ «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының оқу-зертханасымен танысты.

Білім беру бағдарламасы бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде мамандар даярлайды. Зертханалар гидравлика, гидротехникалық құрылымдар, насос станциялары, топырақтану және геодезия бағыттары бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Мұнда сумен жабдықтау және канализация жүйелерін автоматтандыру, ағынды суларды тазарту, насос қондырғыларының жұмысын зерттеу бағыттарында тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі.

Бұдан бөлек, М. Нәлібаев атындағы Су шаруашылығы мұражайын аралады.

2021–2022 оқу жылында «Абзал и К» ЖШС демеушілігімен ашылған мұражай қорында су шаруашылығы саласына қатысты тарихи құжаттар, гидротехник мамандардың еңбектері мен бірегей экспонаттар жинақталған.

Мұражай материалдары білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында, дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялар дайындау барысында кеңінен пайдаланылады.

 

#ҚорқытАтаУниверситеті

 #Қызылорда

#Біліктілікті_арттыру_және_қосымша_білім_беру_орталығы

#СуРесурстары

 #КлиматтықТәуекелдер

 #СуҚауіпсіздігі

 #Сырдария

 #ТұрақтыДаму

 #КлиматтыңӨзгеруі

 #БілімЖәнеҒылым

#ТазаҚазақстан

#SDG13

#SDG14

#SDG15

#SDG

#ЦУР

#ТДМ

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации