УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қыркүйек 2026
  • 32

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті Сұңқар Қанибек каратэ Шито-рюден Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын иеленіп, ел чемпионы атанды.

Тараз қаласында өткен республикалық додаға еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысып, жүлделі орындар үшін сынға түсті.

Бәсекеде Сұңқар Қанибек өз санатында жоғары нәтиже көрсетіп, чемпиондық атақты жеңіп алды. Бұл жетістік – спортшының жүйелі дайындығы, табандылығы мен еңбегінің нәтижесі.

Сұңқар Қанибектің жеңісі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттерінің спорт саласындағы жетістіктерін толықтырып, білім алушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға үлес қосады.

Университет ұжымы Сұңқар Қанибекті жеңісімен құттықтап, алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда толағай табыс тілейді!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации