Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Психологиялық қолдау орталығы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 14 қыркүйек 2026
  • 18

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Психологиялық қолдау орталығы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

  5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Орталық жетекшісі білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы; Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары; сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілері.

Орталық жетекшісінің біліктілік талаптары:  Кәсіби тәжірибесінің болуы: жоғары кәсіби білім, кемінде 3 жыл жұмыс өтілі (арнайы орта, орта кәсіптік) білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.09.2026ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару барқармасы, 205 каб.; электрондық пошта: hr@korkyt.kz.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации