Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 14 қыркүйек 2026
  • 24

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Лауазым атауы

Штаттық бірлік

Ескерту

1

Ақпараттық қауіпсіздік және желіні әкімшілендіру бөлімінің басшысы

1

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

2

Цифрлық трансформация және ІТ технологияларды техникалық қолдау бөлімінің басшысы

1

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

3

Ақпараттық қауіпсіздік және желіні әкімшілендіру бөлімінің аға жүйелік әкімшісі

1

жоғары (немесе аяқталмаған жоғары) білім және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

4

Ақпараттық қауіпсіздік және желіні әкімшілендіру бөлімінің жүйелік әкімшісі

1

жоғары (немесе аяқталмаған жоғары) білім және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

  5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Бөлім басшысы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын және жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мамандар даярлау жөніндегі әдістемелік материалдарды; жоғары оқу орнының техникалық және ғылыми даму перспективаларын; жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын; ғылыми жетістіктерді; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (қосымша) білім беру саласындағы шетелдік білім беру ұйымдарының озық тәжірибесін; еңбек заңнамасын; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.

Бөлім басшысына қойылатын біліктілік талаптары: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ғылыми-техникалық ақпарат саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Аға жүйелік әкімші білуге тиіс: IT саласындағы мемлекеттік стандарттарды білу; серверлік жабдықтарға қатысты технологияларды білу; техникалық талаптар мен спецификациялар бойынша құжаттамаларды дайындау тәжірибесі; ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын білу; виртуализация жүйелерін әкімшілендіру тәжірибесі; домендік инфрақұрылымды әкімшілендіру тәжірибесі; әртүрлі өндірушілердің деректерді сақтау жүйелерін әкімшілендіру тәжірибесі; ақпараттың резервтік көшірмесін жасау жүйелерін әкімшілендіру тәжірибесі; әртүрлі операциялық жүйелерді (Linux, Windows) және сервистерді (AD, DNS, DHCP, пошта жүйелері, Proxy, Firewall) әкімшілендіру бойынша білім мен практикалық дағдылар; ақпараттандыру саласындағы заңнаманы білу; серверлік жабдықтармен және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеудің практикалық дағдылары; осы саладағы сертификаттардың болуы құпталады; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын білу; құжат айналымы және іс жүргізу негіздерін білу, техникалық құралдар мен үй-жайлардың қорғалу дәрежесі туралы актілерді және басқа да техникалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізеді; анықталған кемшіліктерді жою және ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады.

Аға жүйелік әкімшіге қойылатын біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе аяқталмаған жоғары) білім және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

Жүйелік әкімші білуге тиіс: Мемлекеттік құпияларды және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты қорғау саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды; қорғауға жататын ақпараттандыру объектілерін; ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің мамандануы мен қызмет бағыттарын; қолданылатын ақпараттық технологиялар мен жүйелерді; басқару, байланыс және автоматтандыру құрылымын; техникалық барлау құралдары мен олардың мүмкіндіктерін бағалау әдістерін; ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін және бұзушылықтардың жіктелуін (санаттарын); ақпараттандыру объектілерінің негізгі және қосалқы техникалық құралдармен және жүйелермен, ақпаратты техникалық қорғау кешендері мен құралдарымен жабдықталуын; автоматтандырылған басқару жүйелерінің қауіпсіздік сервистері мен тетіктерін; қолжетімділікті шектеу қосалқы жүйелерін; шабуылдарды анықтау қосалқы жүйелерін; қасақана әсер етуден қорғау қосалқы жүйелерін; ақпараттың тұтастығын бақылау әдістерін, оларды дамыту және жаңғырту перспективаларын; қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйін бағалау әдістерін; ақпараттың таралып кету арналарын анықтау әдістерін; маңызды есептеу және ақпараттық ресурстарды резервтеу және қайталауды бақылау әдістерін; ақпаратты қорғау мен бақылаудың техникалық, бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралдарымен жұмыс істеу тәртібін; автоматтандырылған басқару жүйелерінің қауіпсіздік сервистері мен тетіктерін және олардың жай-күйін аудиттен өткізу тәртібін.

Қажетті практикалық дағдылар мен білімдер: IT саласындағы мемлекеттік стандарттарды білу; серверлік жабдықтарға қатысты технологияларды білу; техникалық талаптар мен спецификациялар бойынша құжаттама дайындау тәжірибесі; ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын білу; виртуализация жүйелерін әкімшілендіру тәжірибесі; домендік инфрақұрылымды әкімшілендіру тәжірибесі; әртүрлі өндірушілердің деректерді сақтау жүйелерін әкімшілендіру тәжірибесі; ақпараттың резервтік көшірмесін жасау жүйелерін әкімшілендіру тәжірибесі; әртүрлі операциялық жүйелерді (Linux, Windows) және сервистерді (AD, DNS, DHCP, пошта жүйелері, Proxy, Firewall) әкімшілендіру бойынша білім мен практикалық дағдылар; ақпараттандыру саласындағы заңнаманы білу; серверлік жабдықтармен және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеудің практикалық дағдылары; осы саладағы сертификаттардың болуы құпталады; экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; еңбек заңнамасын; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын; өндірістік санитария талаптарын; өрт қауіпсіздігі талаптарын білу.

Жүйелік әкімшіге қойылатын біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе аяқталмаған жоғары) білім және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.09.2026ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару барқармасы, 205 каб.; электрондық пошта: hr@korkyt.kz.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации