КЛИМАТТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қыркүйек 2026
  • 12

КЛИМАТТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Перизат  Буланбаева  «Климаттық тәуекелдер және оларды басқару» пәні бойынша практикалық сабақ өтті.

WhatsApp Image 2026-09-21 at 16.16.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-09-21 at 16.16.40.jpeg

Сабақ барысында  «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасының ВРВ-25-1 оқу тобы білім алушылары климаттық тәуекелдің негізгі құрамдастары – қауіптілік, әсерге ұшырау және осалдық ұғымдарын талдап, тәуекелдерді бағалау әдістерін меңгерді. Практикалық тапсырмаларда Қызылорда облысы мен Сырдария бассейніне қатысты нақты деректер пайдаланылды.

WhatsApp Image 2026-09-21 at 16.16.52.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-21 at 16.16.41.jpeg

Білім алушылар су тапшылығы, су тасқыны, су қоймаларының толу деңгейі, суармалы егіншілік және климат өзгерісінің су ресурстарына ықпалы бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, су ресурстарын тиімді пайдалану мен климаттың өзгеруіне бейімделу бағытында ұсыныстар әзірледі.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации