ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қыркүйек 2026
  • 10

ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне «Жаңа орта, жаңа достар, жаңа мен» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – бірінші курс студенттерінің жаңа ортаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне қолдау көрсету, топ ішінде жағымды қарым-қатынас орнату, өзара сенім мен ашық коммуникацияны қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, топта тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын қарастырды. Сонымен қатар студенттер өздерінің күшті қырларын анықтап, жаңа ортаға бейімделу кезеңіндегі сезімдері мен эмоциялары туралы пікір алмасты.

Тренинг студенттердің өзара түсіністігін нығайтуға, бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытуға және университеттік ортаға сенімді бейімделуіне ықпал етті.

WhatsApp Image 2026-09-21 at 16.15.56.jpeg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации