ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қыркүйек 2026
  • 13

ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алушылардың шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуына, академиялық тәжірибе жинақтауына және халықаралық білім беру ортасына бейімделуіне мүмкіндік беретін жобалар мен бағдарламалар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

Солардың бірі – сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы. Бүгінде университет студенттері Оңтүстік Корея, Польша, Түркия және Қырғызстанның жоғары оқу орындарында білім алып, тәжірибе алмасуда. Шетелдік оқу орындарында білім алу студенттердің кәсіби және тілдік құзыреттерін жетілдірумен қатар, түрлі білім беру жүйелерімен танысуына, жаңа академиялық ортада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Ағымдағы оқу жылының күзгі семестрінде университеттің 4 студенті Оңтүстік Кореядағы Каннам университетінде корей және ағылшын тілдері бағыттары бойынша білім алуда. Бағдарлама аясындағы оқу үдерісі студенттердің шетел тілдерін тәжірибе жүзінде меңгеруіне және халықаралық академиялық ортадағы тәжірибесін кеңейтуіне жағдай жасайды.

Университеттің Польшадағы Лодзь университетімен әріптестігі де жүйелі түрде жалғасып келеді. Екі жоғары оқу орны арасындағы келісімге сәйкес жыл сайын 25 студентке академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі ұсынылады. Биылғы оқу жылының күзгі семестрінде 16 студент Польшаға аттанды. Көктемгі семестрде тағы 9 студент Лодзь университетінде білім алуы жоспарланған.

Түркияның жоғары оқу орындарымен байланыс та академиялық алмасудың маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі таңда университеттің 6 студенті Анадолы университеті, Ескишехир Османгази университеті және Сельчук университетінде білім алуда. Атап айтқанда, Сельчук университетіндегі оқу үдерісі Орхун бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

Сонымен қатар 3 студент Қырғызстандағы Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінде академиялық тәжірибе алмасып, білімін толықтыруда. Бұл ынтымақтастық студенттердің өңірлік және халықаралық академиялық байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации