«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қыркүйек 2026
  • 15

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды

 

р/с

Бос лауазымның атауы

БББ, бөлім атауы

Штаттық  бірлік

Ескерту

1.

Аға маман 

AI және деректерді талдау орталығы

1,0

 

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

  5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға арналған жобаның тұсаукесері (электрондық түрде, көлемі 7 слайдтан аспайтын) және ПОҚ лауазымдары бойынша онлайн сабақ электрондық жеткізгіштегі онлайн нұсқасын қоса бере отырып ,

 7) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

 8) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Аға маман білуі тиіс

– деректерді талдау әдістері мен статистикалық талдау негіздерін;

  машиналық оқыту алгоритмдерін және оларды жүзеге асыру принциптерін;

  Python, SQL немесе басқа деректерді талдауға арналған бағдарламалау тілдерін;

  деректерді визуализациялау құралдарын (Power BI, Tableau және т.б.);

  ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау негіздерін;

  еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын;

  жобалық құжаттаманы дайындау және жүргізу тәртібін.

Аға маманның біліктілік талаптары: Кәсіби тәжірибесінің болуы: тиісті мамандық (ақпараттық жүйелер, қолданбалы математика, деректерді талдау және т.б.) бойынша жоғары білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.09.2026ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

  

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару барқармасы, 205 каб.; электрондық пошта: hr@korkyt.kz.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации